» » «7-20-25» және «Баспана Хит»: өңірлерде тұрғын үй саудасы жанданып келеді

«7-20-25» және «Баспана Хит»: өңірлерде тұрғын үй саудасы жанданып келеді

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекаға тұрғын үйді сатып алудың үлесі өңірлерге ауысуда. Бұл ең алдымен Қазақстанның барлық облыстарында тұрғын үй құрылысының жандануына байланысты болды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) еншілес құрылымы «Баспана» ипотекалық ұйымы.

2019 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша 25 338 отбасы «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекаға 228,8 млрд теңге жалпы сомасына баспана сатып алды. Оның ішінде 9 732 отбасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында үй алса, ал өңірлерде үйлі болған отбасылар саны 15 606-ны құраған. Өңірлердің ішінде Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарыда тұратын азаматтар көбірек баспаналы болған. Сонымен бірге, 2018 жылмен салыстырғанда Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сатылым айтарлықтай өсіпті.
«7-20-25» бағдарламасы Елбасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде әзірлегенін еске саламыз. «7-20-25» — бұл Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін азаматтарына арналған, кредиттеу мөлшерлемесі нарықтағыдан төмен болатын, пайдалануға қосылған жаңа құрылыстан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. «7-20-25» іске қосылғаннан кейін ҚР жұмыс істейтін азаматтарына бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да баспана сатып алуына мүмкіндік беру мақсатында, кредиттеу мөлшерлемесі нарықтағыдан төмен «Баспана Хит» бағдарламасы іске қосылды.
 7-20-25» және «Баспана Хит» тұрғын үй  бағдарламалары жұмыс істеп келе жатқан уақыттан бері 30 мыңға жуық отбасы баспана сатып алды.
Тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы» қор нарығынан 286,6 млрд. теңге тартты.  2019 жылғы 17 желтоқсанда Fitch Ratings «Баспананың» ұзақ мерзімді рейтингтерін шетел және ұлттық валютада «ВВВ» болжамы «Тұрақты» деңгейінде растады.  

stan.kz

23 желтоқсан 2019 ж. 358 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031