» » Министр: Қазақтың көрпесі Лондонда мың доллар тұрады

Министр: Қазақтың көрпесі Лондонда мың доллар тұрады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға ең аз инвестициялармен қандай бизнес жасауға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қазір микро, шағын және орта бизнеспен айналысқан тиімді.
«Жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндіктер. Біз бұл саланы дамытамыз, бұл біз үшін басым бағыт, өйткені бұл бизнес ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да жағдайға тез бейімделеді. Ішкі нарық шағын болғанына қарамастан, көршілес - ресейлік, өзбекстандық нарықпен салыстырғанда мұнда көптеген мүмкіндіктер бар. Бірінші кезекте күрделі процестерді қажет етпейтін азық-түлік, өнеркәсіптік өнімдер, мысалы, ойыншықтарды өзіміз шығаруды ұсынар ем. Ең маңызды бағыт - туризм», - деп Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Министрдің айтуынша, перспективалы бағыттардың бірі - былғары және аң терісі бұйымдарын шығаратын цехтер.
«Мен Нұр-Сұлтанның әкімі болған кезде біз өте қызықты бағытты ойластырдық - ол дәстүрлі қазақ кәмпиттері, көрпелер, оны Лондон базарларында бірнеше мың фунтқа сатуға болады (1 доллар - шамамен 0,77 фунт). Бұл үй шаруасындағы әйелдер үйде жасай алатын жұмыс», - деді министр.

stan.kz

24 желтоқсан 2019 ж. 465 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 275

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031