» » Қазақстанның ауасы ең лас қалалары аталды

Қазақстанның ауасы ең лас қалалары аталды

Қазақстанның ауасы ең лас қалалары аталды
Тиісті шара қабылданбаса, болжам бойынша 2030 жылы ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетінін айтты министр. "2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераны ластаушы заттардың қалдықтары 2,5 млн тонна, ал жыл сайынғы өсімі 100 мың тонна болған. Оның ішінде электр энергетикасына (көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары) 940 мың тонна, тау-кен металлургия секторына 760 мың тонна, мұнай өндіруге 520 мың тонна, көлік пен ауыл шаруашылығына 320 мың тонна тиесілі. Өңірлердегі қалдықтардың негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарында – шамамен 56%. Егер тиісті шара қабылданбаса болжам бойынша 2030 жылы ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн. тоннаға дейін өседі. "Атмосфера ауасына жүргізілген экологиялық талдау жұмыстары 45 елді мекеннің ішінде ең ластанған қалалардың қатарына Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазган және Риддер кіретінін көрсетіп отыр", - деді министр Үкімет отырысында. Министр осы тақырыпты жалғастыра отырып, парник газдардың шығарындыларына тоқталды. "Париж келісімі бойынша Қазақстан парник газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 1990 жылмен салыстырғанда 15 процентке төмендетуге міндеттеме алған. Алайда бүгінгі күні еліміздегі парник газдардың шығарындылары бұл деңгейден жоғары. Экономика өсімін ескере отырып, парник газдар шығарындыларының өсетінін болжауға болады. Парник газдар шығарындыларын азайту шараларын қабылдау үшін министрлік герман тарабының қолдауымен 2050 жылға дейінгі төменкөміртекті даму стратегиясын әзірлеуге кірісті", - деді ол.

Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/60235
28 желтоқсан 2019 ж. 407 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930