2020 жылы Нұр-Сұлтанда АӘК тағайындауға қай айдан бастап құжаттар қабылданады
Елордада халықты АӘК барынша қамту және АӘК тағайындау бойынша сапалы тәсілді қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап азаматтарды қабылдау басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалады.
Мысалы, құжат 20 қаңтарда тапсырылса, төлем толық ай бойы төленеді.
Құжаттар "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарында қабылданатын болады.
Хабарласқан азаматқа, өтініш және жеке куәлікті ұсыну керек.
Сонымен қатар, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеуіңіз болу қажет.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз) қарастырылған.
Жәрдемақы мөлшері: 4 балаға - 42 496 теңге;
5 бала - 53 127 теңге;
6 бала - 63 757 теңге;
7 және одан көп балаға - 74 388 теңгені құрайтын болады.
Құжаттарды қабылдау "Есіл", "Сарыарқа", "Байқоңыр" және "Алматы" аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ "Жанұя" отбасын қолдау институтының орталығында, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл" және "Сарыарқа" аудандарының әкімдіктерінде жүргізіледі.
Жоспар бойынша 14 мыңға жуық адамды қамту қарастырылып отыр. Сондай-ақ, АӘК алатын аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа заң аясында табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатынын айтқан болатын.
Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды адамдар болса, оларға жұмыс ұсынылатынын, ал егер де жұмысқа қабілетті адам қызметтен бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасына төленбейтін еске салған еді.
kaz.nur.kz