» » Қазақстанда 170 мың отбасы АӘК алды

Қазақстанда 170 мың отбасы АӘК алды



Kyzylorda-news.kz. Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. 1 сәуірден 13 мамырға дейін «Е-халық» жүйесі арқылы барлығы 230 032 өтініш (1 242 954 адам) қабылданды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Оның ішінде 181 652 (973 624 адам) жаңа өтініш. 48 380 отбасыға (269 330 адам) бұрын тағайындалған сомаларға қайта есептеу жүргізілді.
Өтініш берушілердің басым бөлігі келесі өңірлерден екені байқалады: Түркістан облысында – 54 723 отбасы, Шымкент қаласында – 31 084 отбасы, Алматы және Жамбыл облыстарында 24 443 және 24 029 отбасы тіркелген.
Бүгінгі күні 169 770 отбасыға жалпы құны 25,3 млрд теңге болатын жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ына дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді.
2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд теңгеден астам қаражат көзделген.


https://kyzylorda-news.kz
14 мамыр 2019 ж. 787 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30