» » Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы дүние салды

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы дүние салды

Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайының директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы Күлімхан Төлендиева қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Күлімхан Жүндібайқызы 80 жастан асқан шағында о дүниеге аттаныпты. Ол Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. Еңбек ері, "Күміс алқа" медалінің және ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері Күлімхан әжейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 қаңтарда өтеді. 
"Күлімхан Төлендиева денесін 7 қаңтар күні  Алматы облысы Қырғауылды ауылына жер қойнауына тапсырады", - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қызметкерлері. 
Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 
2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.
2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.
2014 жылғы 14 наурыздан - ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.
2014 жылғы 12 тамыздан 2019 жылдың 17 маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі болып қызмет атқарды. 
2019 жылдың 10 шілдесінде президенттің бұйрығымен ҚР-ның ұлттық мұражайының директоры болып тағайындалды. 
 

stan.kz

05 қаңтар 2020 ж. 279 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930