» » Еліміздегі барлық мектепке бейнекамера орнатылады

Еліміздегі барлық мектепке бейнекамера орнатылады

Ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейтілмек.


Еліміздегі барлық мектепке бейнекамера орнатылады


Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен 2020 жыл қолға алынатын әлеуметтік бастамалар туралы баспасөз мәслихаты өтті. Үкімет басшысының орынбасары мемлекеттік бағдарлама аясында елдегі ондаған жоғары оқу орны біріктірілетінін атады, деп жазады inbusiness.kz.

«2020-25 жылға арналған білім саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдадық. Оның негізгі міндеті – білімнің сапасын арттыру. Осы уақытта біз 3 жас пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен 100% қамтамасыз етеміз. Ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылықты азайтамыз. Апаттық жағдайдағы 121 мектеп пен үш ауысымдағы 37 мектептің барлығын жоямыз. Оған қосымша елді мекендерге интернаттар саламыз. 200-ден астам мектепте спорзалдар пайда болады. Жоғарғы білім саласына бөлінетін қаржы 2 есе, ғылымға берілетін қаржы 7 есе өсетін болады. Кейінгі кезде Үкіметке көп айтылып жүрген сындар білім орындарының көбі жеке меншік, олардың сапасының нашарлығына қатысты.

Жылдың соңында Үкіметтің комиссиясы құрылды. Жақында ғана отырысын өткіздік. Қазір 7 жоғары оқу орнын біріктіру жөнінде тапсырма берілді. Әрине біз үшінең үлкен сұрақ – балалардың, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соған жағдай жасау. Ол үшін біз бірінші қыркүйекке дейін барлық мектептерді бейнебақылаумен қамтамасыз етеміз», – деді Бердібек Сапарбаев.

ernur.kz

08 қаңтар 2020 ж. 353 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930