2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 800-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды. Бұл туралы қр премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Басқосуда ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндады. Сондай-ақ Көкшетау қаласындағы АТ мектеп-лицейінің директоры А.Балташева педагогикалық қауымдастықтың позициясы туралы кеңінен тарқатты.
Айта кетейік, 3 жылда аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 1 трлн 466 млн теңге бөлінді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 1728 бірлікке ұлғайды. Мұнан бөлек 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту 98 пайызға артты. 1-10 сынып оқушылары (95,4%) жаңартылған мазмұнға көшті, 273 мың мұғалім (94%) жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытылып, 30 пайыз мөлшерінде үстемақы алуда. Ал аттестациядан өткен 123 мыңнан астам мұғалім қосымша төлемдерді 30-дан 50 пайызға дейін алады.
Елімізде 437 мемлекеттік және 80 жекеменшік мектеп жан басына қаржыландыруға көшті. Сондай-ақ 372 жаңа мектеп салынды. Тәжірибелік-құрастырымдық әзірлемелер бойынша шығындар 1,6 пайызға, ҒЗТҚЖ-ға жұмсалатын бизнес шығындарының үлесі 6,6 пайызға, коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2,8 пайызға өсті. Үкімет басшысы өз сөзінде білім саласын ілгерілетуге мемлекет бұрыннан қолдау көрсетіп келе жатқанын және бұл салада сапаға басымдық берілу қажеттігін назарға салды.
– Білім беруді дамыту – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім сапасын одан әрі жақсартуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің мәртебесін арттыруға ерекше назар аударды, – деді А.Мамин.
Үкімет басшысы Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында, жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында 2020 жылдан бастап, төрт жыл ішінде педагогтардың жалақысын 2 есеге кезең-кезеңімен арттыру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен бірге балалар балабақшалармен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, үш ауысымда оқыту және апатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылады. Асқар Мамин Қазақстан PISA оқушылардың функционалдық сауаттылығының әлемдік рейтингісінің ТОР-40-на кіруді жоспарлап отырғанын тілге тиек етіп, барлық мектеп жаңа модификациядағы пән кабинеттерімен жабдықталатынын жеткізді.
Жиында 2025 жылға дейін елімізде 800-ге жуық жаңа мектеп салынатыны айтылды. Мұнан бөлек тірек елді мекендерде 114 интернат салынады. Премьер-Министр инвесторлар үшін білім беру саласының өсіп келе жатқан тартымдылығының маңыздылығын атап өтті. Алдағы 5 жылда салаға 11,5 трлн теңге бағытталады, оның ішінде 1,3 трлн жеке инвестициялар тартылады. Бұл жеке инвесторлар есебінен 150 мың орынға қосымша мектептер салуға мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы ел экономикасы үшін ғылымның нәтижелігін арттыру бағытында ғылыми-зерттеу қызметі жетілдіріліп, ғылымға жұмсалатын шығындар көбейетінін атап өтті. Сондай-ақ ол білім беруді қаржыландыру ЖІӨ-нің 7 пайыз деңгейін құрайтынын қатысушылардың назарына салды. А.Мамин Білім және ғылым министрлігіне жыл басынан аталған бағдарламаның іске қосылуын және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.