» » Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды

Үкіметте атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айқындық, әділеттілік және еңбекке ынталандыру қағидаттарына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

АӘК бөлудің жаңартылған моделі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеу­мет­тік шараларының қисынды жалғасы жә­не Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақ­стан­ның тұрақтылығы мен өр­кен­­деуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жол­дауында берілген тапсыр­ма­ларын орындау мақсатында әзір­ленген.
Қазақстан Республикасының ең­­бек және халықты әлеуметтік қор­­ғау министрі Б.Нұрымбетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулы сипатын қабылдауды қарастыратын заң жобасын таныстырды.
1) 4 немесе одан да көп кәме­летке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар барлық көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы енгізу;
2) Отбасының барлық мүше­ле­ріне кедейлік шегі мен отба­сының жан басына шаққандағы орташа табысының арасындағы айыр­машылық ретінде тоқсан сайынғы АӘК тағайындау, бұл жағдайда отбасының жұмысқа жарамды мү­шелері жұмыс істеуі тиіс, ал мемлекет жұмысқа орналасуға және бизнеспен айналысуға көмек­тесетін болады;
3) Мемлекеттің аз қамтылған отбасылардағы балаларды ке­піл­дендірілген әлеуметтік пакет­пен қамтамасыз етуі: 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен, ал 6 жастан 18 жасқа дейін — мектептерде тегін ыстық тамақпен, қалалық қоғамдық көлікте күнделікті тегін жол жүрумен, мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Премьер-Министр қаралып отыр­­ған мәселенің маңыздылығы жо­ғары екенін атап өтті. «Біз ха­лықты әлеуметтік қолдау тетік­терін жүйелі түрде жетілдіріп оты­­рамыз. Бұл бағытта көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды, ол Елбасының ерекше бақылауына алынған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, көмек көрсету тетігі “ашық әрі әділетті болып, адамдарды бейқамдыққа емес, еңбек етуге ынталандыруы тиіс», — деді А.Мамин.
Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­­лігіне әкімдіктермен бір­лесіп, өңірлерде АӘК берудің жаңа тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды, қазан айының соңына дейін тиісті заң жобасын Парламентке ұсынуды, ал өңірлердің әкім­деріне АӘК ұсыну бойынша тү­зе­­тілген шаралардың нақты орын­­­­далуын қамтамасыз етуді тап­­­­сырды. «Азаматтарымыз кө­мек­­ке мұқтаж адамдардың бәрі – аз қамтылғандар, көпбала­лы отба­сылар мен балалар мемле­кеттің қорғауында болғанын және солай қалатынын білуі керек. Жұмыс істей алатындарға – оларға оқудан өтуге, мамандық алуға, жеке кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға барлық жағдай жасалып жатыр», — деп атап өтті Премьер-Министр.

08 қазан 2019 ж. 726 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930