Әлеуметтік қолдау арта түспек
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында тәуелсіздіктің бүгіні мен ертеңі сараланып, ел дамуының барлық саласы бойынша нақты міндеттер жүктелген. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында отыз дамыған елдің қатарына кіруге бағытталған еліміздің қарқынды дамуына жету үшін 10 негізгі міндет көрсетілген. Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші басымдығы аясында халықты әлеуметтік қамтамасыз етудегі елеулі өзгеріс жайында айтар болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Елбасы еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады. Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да күшейтілетінін айтты.
Саяси құжатта адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керектігі айтылған. Ал, бейресми жұмыспен қамтылған халықты және жұмыссыз азаматтарды заңдастыру және ел экономикасына, әлеуметтік, медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына тарту арқылы үйлестіру жүзеге асырылады.
Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.
Ә.ТӨБЕТБАЕВА,
Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімінің
статисті.