» » ӘЙЕЛДІҢ ПЫСЫҚТЫҒЫ КІР ЖУҒАНЫНАН БЕЛГІЛІ

ӘЙЕЛДІҢ ПЫСЫҚТЫҒЫ КІР ЖУҒАНЫНАН БЕЛГІЛІ


Аппақ киімдерге құмарту, ақ түсті сүлгі немесе төсекжай-маларды жақсы көру бір бөлек те, оны алған соң таза ұстау мүлде басқа. Әңгіме де осында жатыр. Әсіресе, әйелдердің пысықтығы осынау ақ түсті киім-бұйымдарды таза ұстай білуінен-ақ байқауға болады.

Рас, ақ түсті киімдерді жууда қиындыққа тап болатынымыз жасырын емес. Еріміздің ақ көйлегі, мектепте оқитын балалардың ақ жейдесі мен үйдегі ақ сүлгі... Мұның барлығы да күтіп ұстау мен дұрыс жуа білгенде ғана ұзақ қызмет етеді. Әйтпесе, жұмсалған ақшаның текке шашылғаны.
Ендеше, ақ киімдер мен бұйымды қалайша таза әрі ұзақ ұстау керектігі жөнінде бірнеше әдісті ұсынамыз.

АҚ КИІМГЕ ТҮСКЕН ДАҚ

Ақ киімге түскен дақ бірден таза жуылмаса, уақыт өткен сайын сарғайып, ескіре береді. Мұндай ескірген дағы бар киімді немесе бұйымды тастауға асықпаңыз.
Ол үшін 3 лимонның шырыны, 80 г кір жуғыш ұнтақ, 1 ас қасық тұз керек.
Барлығын араластырып, үстінен 2 л су құйыңыз да, осы қоспаға дағы бар киімді салып қойыңыз. 1 сағаттан соң алып, жақсылап шаясыз. Дақ ізі де қалмай кетіп қалады.

КӨЙЛЕКТІҢ ЖАҒАСЫ АППАҚ БОЛУЫ ҮШІН


Көйлектің жағасы мен жеңі – әйелдер үшін ең қиындығы мол шаруа. Әсіресе, ол қызметтегі күйеуінікі және өзі ақ немесе ашық түсті болса... Тез кірленіп, бір киген соң-ақ жууды керек етіп тұрады. Тез сарғайып, дақ қалуы да мүмкін.
Осындай көйлектің жеңі мен жағасын аппақ, тап-таза қалпына келтіру үшін алдымен оған ас содасын жағып қойыңыз. Содан кейін сол жерді лимонның бір тілігімен ысқылаңыз. 15 минуттан соң жылы суға бір шайып алсаңыз, тап-таза болып шыға келеді.

АҚ ТҮСТІ ТӨСЕК ЖАЙМАЛАР

Төсек жаймаларының ақ түсті болуы жақсы ұйықтап, сергек тұруға септігін тигізеді. Әрине, ол аппақ қардай таза болса ғана... Ал кейбір жаймалар дұрыс жуылмағандықтан немесе кіржуғыш ұнтақтың әлсіз болуынан тез-ақ түсінен айырылып, сұрғылттана бастайды.
Сіздің де төсек жаймаларыңыз осындай қалыпқа енбес үшін мынадай жуғыш құрал жасап алыңыз: 2 лимонның шырынын сығып 1 литр суға араластырасыз. Осы қоспаны кіржуғыштағы жылы суға құйып, оған жаймаларды 40 минутқа салып қойыңыз. Содан кейін ғана кіржуғыш машинада жуып алсаңыз, тап-таза, жап-жаңа қалпын сақтайды.

ҚЫМБАТ КИІМДЕР

Кейде матасы өте қымбат, кіржуғышпен жууға болмайтын және қолмен жууда да өте абай болатын бір киімдер болады. Ол үшін де арнайы қоспа дайындап алыңыз.
50 мл ыдыс жуатын затпен немесе кіржуғыш ұнтақпен 50 мл сутегі тотығын (перекись водорода) араластырып, оған 2 литр су қосыңыз. Осы дайын қоспада киімді 30 минут ұстап, содан соң жылы суда еппен ғана шайып алыңыз. Жап-жаңа болып шыға келетініне біз кепіл!

АҒАРТУҒА БОЛМАЙТЫНДАР БАР

Кейбір киім-бұйымның жапсырмасына «ағартқышқа салуға болмайды!» деген ескерту жазып қояды. Мұндай киімдерді қалайша таза ұстаймыз?
Ол үшін де әдіс бар. Оған кәдімгі мүсәтір спирті мен сутегі тотығын пайдалансаңыз болады.
5 ас қасық мүсәтір спиртін 10 л суға араластырыңыз. Содан соң кіржуғыш ұнтаққа 1 ас қасық ас содасын араластырасыз. Суды 60 градусқа дейін жылытып, сол қоспаны салып жуасыз.

Есте сақтаңыз!
Ақ киімді жумастан бұрын кем дегенде 3 рет киюге болады. Яғни, 3 ретке дейін ақ киімді таза ұстап киюге болады деген сөз. Ұқыпты болыңыз.
Ақ киімде кейде үтіктің табанындағы сары дақ қалып қояды. Оны кетіру үшін сол жерді ылғалдап алып, 1 шай қасық хлорлы әкті 1 стақан суда ерітіп, сүрту керек.
Ағартқыш құралды да кір жуғанда дұрыс қосу қажет. Себебі, оның құрамында киімнің тоқылған жіп құрамын бүлдіретін зат бар. Тез тозатыны да сондықтан. Ал киім сұр немесе сарғылт түске ене бастаса, амалсыз ағарқышты қолдануға тура келеді.
Ақ киімдерді жумас бұрын кір жуғыш машинаның ішін «шаю» тәртібіне қойып, міндетті түрде шайып алу керек.


http://ernur.kz
27 ақпан 2018 ж. 1 211 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930