» » Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа нұсқадағы жүргізуші куәлігі беріледі

Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа нұсқадағы жүргізуші куәлігі беріледі

жүргізуші куәлігі

Қазақстанда жаңа нұсқадағы жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық куәлігі (техпаспорт) осы жылдың 1 наурызынан бастап беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ІІМ бұйрығы бойынша жаңа нұсқадағы куәліктерді беру 2020 жылдың 1 наурызына дейін тоқтатылады. Құжатты қарастыру 22 қаңтарға шегеріліпті. Содан кейін ғана қабылданған заң жүзеге асырылатын болады. 
"«Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 2 қарашадағы №953 (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19546 болып тіркелген) және «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №1002 (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19639 болып тіркелген) бұйрықтарының әрекеттері 2020 жылғы 1 наурызға дейін уақытша тоқтатылсын", - деп жазылыпты бұйрықта. 
Куәліктердің жаңа нұсқасы нормативті заңмалар сайтында көрсетіліпті. 
 
stan.kz
11 қаңтар 2020 ж. 638 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930