» » Ерлер неге әйелді сөзбен жеңе алмайды?

Ерлер неге әйелді сөзбен жеңе алмайды?

Ерлер неге әйелді сөзбен жеңе алмайды?Әйелдерге қалжың ретінде болса да «атақты өсекшілер» деген лақап ат қояды. Оларға нан берсең де, сөз беру керек. Әйел адам күніне 20 мыңнан астам сөз айтады екен. Ал бұл көрсеткіш ер адамдарда 7 мыңнан аспайды.

Ми дамуының ерекшелігі

Қыз бала құрсақта жатқанда эмбрион кезінде-ақ миы жетіле бастайды. Ми жартышарының екеуінде де сөйлеу қабілеті дамып отырады. Ал ер адамдарда тек мидың сол жақ жартышары ғана сөйлеуге жауап береді. Ер балаға қарағанда қыз балалардың тілі тез шығады. Үш жасқа жеткенде-ақ қыз баланың сөздік қоры ер баладан 2-3 есеге артық болады. Нәзік жандылардың миында анатомиялық артықшылық болғандықтан олар бірнеше шаруаны қатар атқара алады.

Мысалы тамақ жасап жатып сериал көре береді және басқаларға сөйлеп жүріп не көріп жатқанын түсініп, қабылдап отырады. Ал бұл ер адамдардың қолынан келмейді. Олар тоқтаусыз айтылып жатқан ақпаратты тек 45 минут тыңдауға ғана шыдамы жетеді.

Стресстен арылу

Ер адам мен әйел адамның сөзшеңдігі анатомиялық айырмашылыққа ғана емес, психологиялық жағдайына да байланысты. Әйел заты әр әңгімелесуден кейін жеңілдеп қалады, олар үшін келеңсіздікті шешудің, қиындықты жеңудің ең оңай жолы ішіндегі сырын ақтарып, біреуге айту.

Ал ер адамдар, керісінше, жаны күйзелсе, жалғыздықта қалып, өз-өзімен ішкі ойларын ретке келтіруді жөн санайды. Атам заманнан бері аңшылық, балықшылық секілді тыныштыққа құрылған істер де ер адамға тән болуы осыдан.

massaget.kz
12 қаңтар 2020 ж. 375 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930