Ұлттық арнаға Жүрсіннің жүйріктерімен бірге айтыс қайта оралды – Ерлан Қарин
"Qazaqstan" арнасының жаңа көктемгі маусымында "Жүрсіннің жүйріктері" деген атаумен жаңа бағдарлама жарыққа шығады, деп хабарлайды Today.kz.
"Біз бұрын ойын-сауық, концерттік бағдарламаларға көбірек басымдылық беретін болсақ, қазір гуманитарлық, саяси, әлеуметтік, мәдени бағдарламаларды көбейтіп жатырмыз. Ребрендинг тек арна атауында ғана емес, контентінде де болды. Жаңа маусымда "Жүрсіннің жүйріктері" деген бағдарлама шығады. Төл өнеріміз айтысты қайтадан арнаға алып келіп жатырмыз. Төрешілер қатарында Жүрсін Ерман, Намазалы Омашев сынды мықты кісілер болады", – деді "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көктемгі маусымның таныстырылымында.
Бұдан бөлек ұлттық арнада өзгерістер көп. Ерлан Қарин өткен жылға қорытынды жасады.
Өткен жылы жастар аудиториясын көбейту мақсатында әлеуметтік желімен көп жұмыс жасалған. Қазір телеарнаның смартфонға арналған мобильді қосымшасы жасалып жатыр.
"Qazaqstan" арнасының Youtube әлеуметтік желісіндегі бағдарламаларын 70 миллион адам қараған. Ал біздің корпорация өнімін 277 миллион адам тамашалаған. "balapan" арнасынан шығатын балаларға арналған "Қалқанқұлақ" телесериалы аптасына 2 миллион қаралым жинайды. Бұл жастар арасында біздің өнімдерге сұраныс бар екенін көрсетеді", – деді Ерлан Қарин.
Ұлттық арнадағы бағдарламалардың 80 пайызы отандық өнім. "Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин кейбір арналарда контенттің 60 пайызы шет елдік өнім екенін баса айтты.
"Жаңа көктемгі маусымда бірнеше жаңа жобаларды жасап жатырмыз. Мүмкіндігінше барлық аудиторияға, кең жасауға тырыстық", – деді Ерлан Қарин.
Бұрынғы телебағдарламаларда да осы маусымда өзгерістер болды. Мысалы, "Сенбілік шоу" бағдарламасын енді Тұрсынбек Қабатов жүргізеді. Ал көпшіліктің қызығушылығын туғызған "Түнгі студияның" "жасырын" жүргізушісі де белгілі болды. Ал Ерболат Беделхан ұлттық арнада қыздар тобына сылқымдар арасында іріктеу өткізеді.