» » » “Хабар” арнасына жаңа басшы тағайындалды

“Хабар” арнасына жаңа басшы тағайындалды


Ерлан Игісінов “Хабар” арнасының жаңа директоры болып сайланды. Бұл туралы “Хабар 24” телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.


Танымал журналист Арман Сқабылұлы арна басшысының ауысқанына қатысты пікір білдірді.
“Хабар” арнасында енді рейтинг, жарнама, сайқымазақ шоулар болмайды” дегенді естіп, жауды жеңгендей қуанып отырмын. Әумин!” – деп бөлісті ол.
Сондай-ақ, Сандуғаш Рахымжанова Kazakh TV арнасын басқаратын болды. Ол бұрын “Хабар” арнасының директоры қызметін атқарған.
Андрей Тараков “Хабар 24” арнасының шеф-редакторы болды. “Хабар” арнасының сайтында жазылғандай, бұрын ол Kazakh TV арнасын басқарған.

Stan.kz.
11 қаңтар 2018 ж. 1 669 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930