» » Ақмола облысында қаралы күні сауық құрған әкім жазаланды

Ақмола облысында қаралы күні сауық құрған әкім жазаланды

Ақмола облысында мемлекет тарапынан жарияланған қаралы күнге қарамастан сауық-сайран құрып, мерекелік кешке қатысқан аудан әкімі жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырыс өткізіп, онда Ерейментау ауданының әкімі А. Е. Әлжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Сонымен, 2019 жылғы 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанымен, Ерейментау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары осы күні аудан әкімінің қатысуымен ұжымдық жаңа жылдық кеш өткізді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының осылайша бұзылуы қоғам тарапынан сынға ұшырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері Ерейментау ауданына іссапарға аттанып, көрсетілген факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді. Іссапар барысында әкімдіктің және ауданның басқа да жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары, аудан ұйымдарының қызметкерлері арасында тергеу жұмыстары жүргізіліп, істің мән-жайына қатысты материалдар тексерілді.
"Тәртіптік істі қарай отыра, А.Е. Әлжановтың өз кінәсін мойындауы туралы түсініктемесін тыңдап, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Ақмола облысының әкіміне А.Е. Әлжановқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", -деп жазылған ресми мәлімдемеде. 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында аудандық әкім қаралы күні сауық-сайран құрып, жаңа жыл тойлағаны айтылған еді. 

stan.kz

17 қаңтар 2020 ж. 462 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930