Жұмыс барысында әдептілік сақтамаған мемлекеттік қызметші жазаланды Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы азаматтар және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жергілікті азаматша ашғым айтып келген. Осыған сәйкес департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде бөлім басшысы тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемелкеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының нормалары бұзылғандығы анықталды.«Тексеру қорытындысы бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізілді. Бөлім басшысы «қатаң сөгіс»» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекет қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Нұржан Алиев. Қоғам 18 шілде 2018 ж. 1 118 0