» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛУЫ КЕРЕК

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жағыпар Тажмаханов аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде сала қызметкерлерімен кездесті. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілген болатын. Осыған орай Жалағаш ауданы әкімдігі бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлына жүктелді. Айта кетейік, Әдеп жөніндегі уәкіл әр айдың екінші сейсенбісінде азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, қажет болған жағдайда консультациялық қызмет көрсетеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелерін түсіндіру бағытында Әдеп жөніндегі уәкілдің арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
– Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келе жатыр. Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік мінез-құлықтың көрінуіне негізделген. Бұдан басқа мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Қазір ауданда 152 мемлекеттік қызметші бар. Олардың имиджін көтеруге тиісті жұмыстар жасалуда. Бастысы бұл қызметтегілер халыққа үлгі боларлықтай әдепті болуы тиіс, – деді жиынды ашқан Жағыпар Айтбайұлы.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілер жұмысты жүйелендіру керектігін де еске салып, салада кадр тұрақтылығын қамтамасыз етуді назарға салды. Оның сөзінше, басшылар қызметкерлерін негізсіз айыптау, олардың қадір-қасиетін қорлау фактілеріне жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған әдептілік нормаларын ұстануы шарт.
Халықпен тығыз жұмыс жасайтын әлеуметтік саладағы кадрлардың тәжірибесі бар, біліктілігі талапқа сай келеді. Бөлімнің ішкі ахуалы да қалыпты. Мұны айтқан бөлім басшысы Э.Құттымбетова халыққа қызмет көрсету барысында жұртшылықтан айтарлықтай арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.
Жасыратыны жоқ, қазір мемлекеттік қызметшіден мін іздейтіндер көбейді. Олардың қызмет барысындағы халықпен қарым-қатынасы, әріптестермен сыйластығы, тіпті, жұмыстан тыс уақыттағы өмірі де сынға алынып жататын жайттар бар. Сол себепті мемлекеттік қызметші әдепті, сыпайы болып, өз міндетін абыроймен атқаруы тиіс. Жиында сөз алғандар осы мәселелерге де тоқталды.
Аудан әкімдігі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы Ержан Қайнарбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралардан хабардар етті.
Айта кетейік, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Елбасының Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілген болатын. Бұрынғы «Ар-намыс» кодексі осы Жарлықтан кейін «Әдеп» кодексі болып өзгертілді. Жалпы, кодекс халықтың, мемлекеттік органдардың сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынасты жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Сонымен бірге, олар қызметтік міндеттерін орындауы, мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етіп, іскерлік талаптарына сай болуы тиіс. Ал, «Әдеп» кодексінің «Ар-намыс» кодексінен айырмашылығы мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастағы, сондай-ақ, көпшіліктің, БАҚ-тың алдында сөйлеу стандарттары кеңінен айқындалып және осыған байланысты талаптар күшейтілді.
Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Тажмаханов Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтау бағытында оларды аттестациялау жайындағы жұмыстарды да атап өтті.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
31 наурыз 2018 ж. 1 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930