Жаңалығы көп жоба
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимов «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын таныстырды. Бұл бастаманың мәні мен тұжырымдамасы қарапайым әрі түсінікті.– Жобаның басты мақсаты – жол құрылысы, әлеуметтік объектілердің құрылысы, көгалдандыру және өзге салаларда қоғамдық бақылау орнату. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдан бастап ауылдық елді мекендердің өздерінің дербес бюджеттері құрылып, жұмыс жасауда. Облыста осы бағытта 65 ауылдық елді мекендердің өз бюджеттері бар. Ал, осы қоғамдық бақылау картасы жобасы бойынша осы ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы қадағаланады, – деді А.Мұхимов.
Мониторингтік топ басшысы Анар Ізденнің айтуынша, жоба аясында бақылау үш түрлі тәсілмен жүргізілетін болады. Қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым тәсілдерінің бірі ретінде әлеуметтік желі таңдалып отыр. Бұл үшін департаменттің «Whats app» және «Telegram» мессенджерлері мен «В Контакте», «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерде аккаунттары, сонымен қатар департаменттің колл-орталығы құрылды.
Азаматтар мессенджер арқылы тек суреттерді емес, бейнематериалдарды да жібере алады. Қоғамдық бақылау картасын азаматтарға арналған «Qamqor» қосымшасы арқылы жүргізу жоспарлануда. Ал, аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізілетін болады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

Пікір 2