Қызылордада 10 мемлекеттің қатысуымен халықаралық турнир өтеді 2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласы оқушылар сарайында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және одан жоғары жастағы ересектер арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтеді.Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылатын турнир мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналып отыр.Ойынның мақсаты - Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін тоғызқұмалақты облыс көлемінде дамыту, халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті қалыптастыру.Турнирге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей,Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 200-денаса тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады. Биылғы бәсекеге Қытай және Ауғанстанның ойыншылары тұңғыш рет қатысатын болады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес 4 топта өткізіледі.Зияткерлік сайыста еліміздің құрама команда сапында Әлем чемпиондары, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Хәкімжан Елеусінов, Әсел Дәлиева, Әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев, Нұрбек Кабиев, Диана Кенина, Лина Каримова өнер көрсетсе, Қырғызстаннан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері Анарбек Жамакеев қатысады. Қоғам 27 ақпан 2018 ж. 1 216 88
Пікір 88