Армения мен Қырғызстанның көліктерін кедендік рәсімдеу тәртібі қандай
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автокөліктерді кедендік рәсімдеу тәртібі түсіндірілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Сауда және интеграция министрлігі мәлім еткендей, ЕАЭО-да шетелден келетін автокөліктерді кедендік рәсімдеудің нақты тәртібі бар. Бірыңғай кедендік тариф бойынша жеңіл көліктерге импорттық баж салығы салынады. Ал оның көлемі қозғалтқыштың бір текше сантиметрі үшін 0,32-3,2 еуроны құрайды.
Мысалы, 2 литрлік қозғалтқыш үшін 640-6400 еуро төлеу керек. Импорттық кеден салығын есептегенде қозғалтқыштың көлемі ғана емес, көліктің шығарылған жылы да ескеріледі.
Ал Армения мен Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы келісім шарттар бойынша, осы елдерге көлікті шетелден әкелгенде импорттық кеден бажының төмен мөлшерлемесін пайдалануға уақытша мүмкіндік берілген. Ол салықтың мөлшері 10 пайыз немесе 0,14-1,4 еуроны құрайды.
Арменияның Одаққа қосылуы туралы шарттың 3-қосымшасына сәйкес, төмен баж салығымен әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып саналады. Оларды Армения республикасында тұрақты тұратын адамдар ғана ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына уақытша кіргізе алады.
Ал ондай көліктер өзге адамдардың иелігіне беріліп, одақтың басқа елдеріне кіргізілсе, Арменияда төленген кедендік баждар мен бірыңғай кедендік тарифтің айырмашылығы төленуі шарт.
Сонымен қатар, Қырғызстанға шетелден жеткізілген көліктерге де тура осындай талаптар қойылады.
Айта кетейік, халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев шетелдік автокөліктерді тізгіндеген қазақстандықтардың темір тұлпарын заң талаптарына сәйкес тіркесе, бюджетке шамамен 300 млрд теңге қаржы түсуі мүмкін екенін жеткізді.
Ол Қазақстанға шетелдік тіркеуі бар 170 мыңнан астам көлік кіргенін атап өтті.
kaz.nur.kz