» » БАРЛЫҚ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕДЕ

БАРЛЫҚ КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕДЕ


Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының (БСҰ) сауданы жеңілдету бойынша Келісімінің талаптарына және Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден заңнамаларына сәйкес әзірленген «Астана-1» ақпараттық жүйесіне 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық кедендік рәсімдер қосылды.
  Атап айтқанданда, «Ішкі тұтыну үшін шығару», «Кеден қоймасы», «Кедендік аумақта қайта өңдеу», «Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу», «Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу», «Еркін кеден аймағы», «Еркін қойма», «Уақытша әкелу (рұқсат беру)», «Уақытша әкету», «Кері импорт», «Кері экспорт», «Бажсыз сауда», «Жою», «Мемлекет пайдасына бас тарту», «Арнайы кедендік рәсім» рәсімдері бойынша заңды және жеке тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарына өз атынан немесе кеден өкілі арқылы тауарларға арналған декларацияларды осы электронды жүйеде толтыра алады.
Өз кезегінде, біріктірілген тариф және форматты-мазмұнды бақылау ендірілген деректердің нақты уақытпен толық тексерілуіне мүмкіндік береді, кедендік салықтар мен төлемдерді автоматты түрде есептеп, өндіруді жүзеге асырады.
Декларацияларды «Астана-1» ақпараттық жүйесіне автоматты түрде тіркеу және декларацияны жасыл дәлізбен автоматты түрде шығару мүмкіндігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің арасындағы тікелей байланысты азайтады, тиісінше, жемқорлық әрекеттерін төмендетеді.
  Бұған дейін, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа электронды жүйеде экспорт режимі іске қосылған болатын.
  Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аумағында алғашқы үш айда экспортталған тауарлар бойынша 235 тауар декларациясы электронды ресімделген. Олардың 229-ы «жасыл дәліз» арқылы өткен.

Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
09 сәуір 2018 ж. 958 0