» » Жээнбеков қырғыз студенттерін эвакуациялағаны үшін Тоқаевқа алғыс білдірді

Жээнбеков қырғыз студенттерін эвакуациялағаны үшін Тоқаевқа алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жээнбеков и Тоқаев

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды. 

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Ухань (ҚХР) қаласынан қырғыз азаматтарын эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болған.

Оған қоса екі мемлеткеттің басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастардың қазіргі ахуалын және оны одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің 2019 жылғы қарашада Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру қажеттігі айтылды.

Тараптар кеден бекеттеріндегі жүк тасымалы рәсімдерін жеңілдету мақсатында цифрлық технология саласы бойынша ықпалдастық орнату мәселесін қарастырды.




04 ақпан 2020 ж. 340 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031