» » Тоқаев, Назарбаев, Путин, Лукашенко және Жээнбеков Нұр-Сұлтанда бас қосты

Тоқаев, Назарбаев, Путин, Лукашенко және Жээнбеков Нұр-Сұлтанда бас қосты

Нұр-Сұлтанда жоғары Еуразия экономикалық кеңес отырысы басталды. Маңызды шараға Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков, Владимир Путин қатысуда. Саммитті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саммит Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Кеңестің шағын құрамдағы отырысына Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда.
Осыдан кейін кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы болады.

Оған кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен қатар Молдовия президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатыспақ.

Саммит барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылады.


29 мамыр 2019 ж. 855 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930