» » "Ұлы саясаткер": Әр түрлі елдің көшбасшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады?

"Ұлы саясаткер": Әр түрлі елдің көшбасшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады?

ФоÑо: Zakon.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан президенттерімен және Армения республикасының премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен деп хабарлайды Ақорда.

Беларусь президенті Александр Лукашенко
 Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.
Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.
Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.
Қырғызстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта  тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.
Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.
Өзбекстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі президент" деп атады.
Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.
Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.




https://kaz.nur.kz

20 наурыз 2019 ж. 731 0