» » Атыраудағы мұздатқышқа салынған сәби өлімі: Үшінші күдікті ұсталды

Атыраудағы мұздатқышқа салынған сәби өлімі: Үшінші күдікті ұсталды

Атырау облыстық перзентханада жаңа туған нәрестенің көз жұмуына кінәлі үшінші адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Әзірбайжанның астанасы - Бакуде мұрны шошқа терісіне ұқсас қыз дүниеге келді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.  Сонымен қатар, оның аузы жоқ, құлағы оның мойнында орналасқан. Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің жүрегі мен өкпесі қалыпты екенін атап өтті. Бір күннен аз уақыт ішінде бала қайтыс болды.  Әзірбайжанның бас акушер-гинекологы Севиндж Маммедованың айтуынша, жүктіліктің үшінші айында УДЗ кезінде ауытқуды байқамаған жеке клиника қызметкерлері қылмыс жасаған. Ол жеке клиникалардың жұмысына араласуға тыйым салатын заңға байланысты оның бұл істі тергеуге құқығы жоқ екенін айтты.  Қазан айында Португалияда баланың көзі, мұрны және бас сүйегінің бөлігі жоқ екендігі туралы хабарланған. Дәрігерлер жаңа туған нәресте бірнеше сағат бойы өмір сүреді деп сенді, бірақ екі аптадан кейін ол бөтелкеден дем алып, ішуді үйренді

Перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы қылмысқа қатысы бар деп танылыпты. Перинаталды орталықтың маманының үстіне алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, өткен жылдың 29-шы қыркүйегінде жаңа туған баланы мұздатқыш камераға салған осы кісі көрінеді .

Айта кетерлік жайт, бұл іске қатысты екі адам жауапқа тартылған. Олар - перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныш. Тергеу материалы бойынша Нысанбаев базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған. Ең сорақысы бұл жағдайды бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері анықтаған. Олар жайтты ести сала орталыққа жеткенімен, шақалақты құтқарып үлгірмеді. Ал Нысанбаев сол түні қаладағы сауналардың бірінде жүрген жерінде ұсталыпты.

Бұған дейін бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланғаны жайлы айтылған еді. 

stan.kz
12 ақпан 2020 ж. 448 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930