"Қытайдағы Чернобыль": Коронавирус жұқтырғандардың саны 65 мыңнан асты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңесші Айру Лонджини жағдай ушығар болса COVID-19 коронавирусы әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін екенін болжап отыр.
14 ақпан күнгі таңғы жағдай бойынша инфекция ошағы Хубей провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 4823 адамға артты, 116 жаңа өлім оқиғасы тіркелді, алты мыңға жуық науқас ауруханадан шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.
Жалпы Қытайда жұқтырудың 64 627 жағдайы тіркелген, бүкіл әлем бойынша - 65 210 жағдай. Коронавирустан қаза болғандардың саны жалпы - 1486. Күн бұрын 1370 қайтыс болғандар туралы хабарланған болатын.
Қытайлық CGTN мемлекеттік телеарнасының мәліметтері бойынша, Қытайдан тыс коронавирусты жұқтырғандар саны 500 адамнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеңесші Айру Лонджини жағдай ушығар болса COVID-19 коронавирусы әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін екенін болжап отыр.
Лонджинидің пойымынша, әдеттегі жағдайда әрбір жұқтырушы тағы екі немесе үш адамға жұқтырған. Бұл көрсеткішті екі есе азайтса да, Жер тұрғындарының үшінші бөлігі вирус жұқтырады.
Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса, Гонконгтың бас эпидемиологы, профессор Габриэль Люннің болжамынша, әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін.
Ал Чикаго университетінің саясаттанушысы Дали Янг коронавирустың өршуін ірі техногендік апатпен салыстыра отырып, болып жатқан "Қытайдағы Чернобыль" деп атады. "Бұл ел көшбасшысы Си Цзиньпиннің беделіне нұқсан келтіретін ауқымды дағдарыс", - деп мәлімдеді саясаттанушы.