Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті
Қытайда коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмонияға шалдыққандар саны 5974-ке жетті. Оның ішінде 132 адам қайтыс болған. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Осыдан бір күн бұрын ресми түрде 4515 адам ауырып, 106 адам көз жұмғаны хабарланған еді. Билік өкілдері бір тәулік ішінде коронавирусты тағы 1459 адам жұқтырғаны және 26 өлім тіркелгені (25- Хубэй провинциясында, біреуі- Хенань провинциясында) жайлы ақпарат алды. Ал 24 сағат ішінде ауруханадан 43 адам шыққан.
Одан бөлек, Гонконггте 8 адам, Макаода 7, Тайваньда 8 адам жаңа вирусты жұқтырғаны анықталды.
Коронавирустың жаңа түрі болуы мүмкін деген күдікпен тағы 9239 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта дертке шалдыққандармен байланыста болған 59 990 адам бақылауда.
Еске сала кетейік, Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталығында орналасқан Ухань қаласында пайда болған белгісіз пневмония жайлы хабардар еткен еді.
Кейіннен мамандар аурудың қоздырғышы- 2019-nCoV коронавирусы екенін анықтады.
Айта кетейік, Гонконг ғалымдары өлімге әкеп соғатын коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарғанын мәлем етті.
Сондай-ақ, Қытай билігі коронавирустың көз арқылы жұғатынын растады.
kaz.nur.kz

"28 қаңтар түнгі жағдай бойынша, денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудандар, орталыққа қарайтын қалалардан) коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония 5974 адамда тіркелгені жайлы ақпарат алды. Олардың 1239-ы ауыр жағдайда, 132-сі қайтыс болды, 103 адам ауруханадан шығарылды", - делінген жарияланған хабарламада.