Жаңа Зеландиядағы мешітке жасалған шабуылдан көз жұмғандар саны 40-қа жетті
Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешітке жасалған шабуылдан көз жұмғандардың саны 40-қа жетті. Бұл ақпаратты Жаңа Зеландияның премьер-министрі растаған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Осыған дейін полицияда 27 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.
Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, ұсталған күдіктілердің арасында әйел адам бар.
Одан бөлек, тағы да үш ер азамат ұсталған.
Ал басты күдікті Брентон Таррант әлі құрықталған жоқ, ол әлі бостандықта жүр.
"Жаңа зеландиялық лаңкес көлікте кетіп бара жатқанда салонда "Remove Kebab" әні ойнап тұрған. Бұл балкандық соғыс кезіндегі ән-сербтік патриоттық әнұран. Брентон бес минуттан кейін не боларын біле тұра өз шабуылын көңілді өткізгісі келген. Естудің өзі ауыр", -деп жазылған оқиға баяндалған парақшада.
Еске сала кетейік, бүгін Жаңа Зеландияда қаруланған бірнеше адам көрші тұрған мешіттерге шабуыл жасаған. Артынша желіде шабуылдың видеосы тарап кетті. Қазір төрт күдікті ұсталған, ал біреуі қашып кеткен.
Оқиға орнында жарылғыш заттар да табылған.
https://kaz.nur.kz