» » АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН...

АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕУ ҮШІН...

Иә, ұстаз – сол Абай жағып кеткен сәуленің шырақшысы. Әсіресе, мектеп қабырғасында жүріп қалам ұстаған талапты балаларға бағыт беріп, олардың талантын шыңдау – ұстаз үшін қиынның қиыны. Баланың қиялына шектеу қоя алмайтының секілді, ақын қиялының қанатын да қырқуға болмайды. Бірде мұхиттың тереңіне малтып жүрсе, енді бірде ақша бұлттармен араласып, көкте қалықтап жүреді. Ол көлде де, шөлде де өмір сүреді. Бірде күндей күлімдейді, бірде жауар бұлттай түнереді. Бұл қолына қалам ұстаған жанның бір ғана сәтте басынан өткізетін көңіл-күйі. Енді жаратылысына сондай қабілет берген жас балаға бағыт беріп, өз арнасына түсіру үшін оны өнерге, өлеңге баулып жүрген ұстазы да шәкіртінің деңгейінде ойлап, сонымен бірге қиялдан қанат байлап, көкті кезіп, шалқарға малтуы тиіс.

Мектебімізде өнерлі оқушылар көп. Әдетте адамдағы шығармашылық қабілеттің оянатын кезі 7-8 жастар шамасы. Яғни оқушы кезі. Ал ондай жастағы бала қанша жерден талантты болғанымен оған бағыт-бағдар беретін, ақыл-кеңес қосатын, бала қиялымен артықтау жазған жерлерін түзеп-күзеп отыратын әлбетте бір ұстаз керек. Олай болмаған жағдайда, талант тасада қалып, баланың санасынан өлең болып бүр жарып келе жатқан балауса арманын көктей солдырып, бойындағы қабілетін өлтіріп алуымыз бек мүмкін. Сондықтан да біздің мектепте жас өнерпаздар ұдайы мектеп мұғалімдерінің назарында болады.
Берген білімімнен бөлек, арнайы шығармашылыққа баулып келе жатқан шәкірттерімді бірі-бірнен бөліп-жармаймын, бәрінің де өз дәрежесінде жетістіктері бар. Болашақтарынан көп үміт күтемін. Бірақ солардың ішінде Қартбай Мейіржанның орны бөлек, оның бойындағы тұмса талантын ерекше атап өтуге тиіспін. Мейіржан биыл 9 сыныптың оқушысы. Төменгі сыныптардан-ақ өлең жаза бастады. Ұстаз болған соң қаламға икемі бар балаларды бақылап жүреміз. Сонда осы Мейіржанның әкесіне, анасына арнаған перзенттік махаббатын, ұстаздарына деген алғысын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін шатпақты шумақтарымен қағазға түсіріп жүргенде ұстаз санасында үміттің оты жылт ете қалатын-ды. Міне, бүгінде сол оқушымыз үмітімізді ақтады. Аудандық, облыстық, республикалық жазба ақындардың мүшайраларында және жас ақындар айтысында жүлделі орындарды иеленіп жүр. Мектебімізге ғана емес, ауданға, аймаққа белгілі болып қалды. Атап айтсақ, "Ер ертеңі – білімді жастар" облыстық жазба ақындар мүшайрасында І орын, облыстық "Ақберен" оқуларында І орын, республикалық Мағжан оқуларының аудандық және облыстық кезеңдерінде І орынды иеленді. Жуырда ғана Алматы қаласында өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай жаққан бір сәуле..." атты республикалық жыр мү­шайрасынан І орынды иеленді.
Шәкіртке білім беру және тәрбиелеу, әсіресе, оларды шығармашылық тұрғыда жетілдіру үшін ұстазға жігер мен төзімнен бөлек көп еңбектенуге тура келеді. Қалай болғанда да біз үшін оқушыларымыздың жетістіктерін көруден асқан бақыт жоқ.

Ажар АЛДОҢҒАРОВА,
№114 мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі

18 ақпан 2020 ж. 739 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930