Қ.Ысқақов: Үкіметте «Қараөзек», «Күміскеткен» су қоймаларын салу мәселесі қаралуда

Облыс әкімі есепті кездесуінде суармалы егіншілікті дамыту және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін аяқ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін суға деген тәуелділікті азайту қажеттігін ерекше атап өтті.
«Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы аудандары вегетациялық кезеңде суармалы судың жетіспеушілігінен зардап шегіп, бұл, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының дамуын тежеп отыр. Бұл жылда қайталанатын мәселе. Сондықтан, Үкімет алдында «Қараөзек» және «Күміскеткен» су қоймаларын салуды көтеріп отырмыз», – деді Қуанышбек Досмайылұлы.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл су қоймалары жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз тасталып жатқан 2 млрдтан астам текше метр суды жинап, сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қ. Ысқақов «Әйтек» су торабын жөндеу мәселесі де өзекті болып тұрғанын айтты.