Облыс әкімі: Сырдария өзенінің арнасын тазалауды қаржыландыру мәселесі шешілді
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Жиын барысында өткен жылы су торабының бөгетін су шайып, оның толықтай қирауына қауіп төнгенін атап өтті. Егер төтенше жағдай орын алғанда, Сырдария және Жалағаш аудандарының аумағындағы 16 мың гектар жерді сусыз қалдыру қатері туған болатын.
Жиында аймақ басшысы көптен бері халықтың көкейінде жүрген облыс орталығы шегінде Сырдария өзенінің арнасын тазалауды қаржыландыру мәселесін шешуге қол жеткізілгенін мәлімдеді.
Құны 5 млрд теңге болатын жоба іске асқанда, өзен арнасының 9 шақырымындай табаны 7 метрге жуық тазаланады.

«Су торабы бөгетінің жағалауын бекіту бойынша шұғыл жұмыстар жасалды. Алайда, бұл – уақытша шаралар еді. Бүгінгі күні түпкілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасына Су ресурстары комитетінен 48 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын жеделдету шаралары қабылдануда. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңінің үш компоненті – Қызылорда су торабын қайта жаңғырту, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту, Жалағаш ауданында Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету ағымдағы жылы іске асыру жұмыстары басталатын болады», – деді облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы.