» » Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды

Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды



Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы ескі бөгетті су жарып өтті. Алайда сол жағалауға қауіп төнген жоқ. Мамандар осылай деді. Жаңа қала бой көтере бастаған аймақта былтыр осы қорғаныс бөгеті салынған болатын. Соның арқасында топан су арнасынан шыққан жоқ, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы. 
Дегенмен, 10-ға жуық техника жұмылдырылып, инертті материалдардың көмегімен ескі бөгет тез арада қалпына келтірілді. Қазір облыс аумағындағы барлық қауіпті тұс ерекше бақылауға алынған, күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылуда. 
Ғабит Жаңабаев, 
облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары: 
- ҚР Үкіметінің арнайы шығындарынан, төтенше жағдай шығындарынан 2 миллиард 656 миллион қаржы бөлініп, 10 км қорғаныс бөгеті салынып, қазіргі заманға сәйкес, сол қорғаныс бөгетінің алдындағы ескі қорғаныс бөгеттерінің үстінен су жүріп, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді.  Ескі қорғаныс бөгетін шұғыл сол араға бекітілген мекемелер, қала әкімдігі тарапынан арнайы мекемелер жұмылдырылып, толық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.



https://syrboyi.kz
08 қаңтар 2019 ж. 729 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930