» » СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨТЕНШІЛІКТЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨТЕНШІЛІКТЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің осы жылдың 7-8 ақпан күндері жүргізген жұмыстарының ақпараты.

Жаңақорған ауданы бойынша Жанақорған кентінен бастап Сырдария өзені арнасы бойымен Төменарық елді мекеніне қарай мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша өзен арнасының әр жерлерінен мұз қату байқалады. Аудан аумағында өзен арнасымен Көктөбе ауылынан (кенттен 175 шақырым) жоғары ОҚО қарай ұзындығы 7-8 шақырым мұз ұстасқан. Төменарық елді мекені (кенттен 40 шақырым) тұсында өзен арнасымен жоғары Жанақорған кентіне қарай ұзындығы 30 шақырым әр жерден мұз ұстасқан, өзен арнасының кей жерлері ашық. Мұз қалыңдығы шамамен 5-10 см құрайды. Төменгі ағыспен келіп жатқан су көлемі 300 м3/сек. Аудан бойынша өзен ұзындығы 215 шақырым. Аудан орталығынан (Жаңақорған кенті) Сырдария өзеніне дейін арақашықтық 2 шақырым. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ.  

Шиелі ауданы бойынша Жөлек елді мекені (өзеннен 15  шақырым), (кенттен 34 шақырым) тұсынан Сырдария өзені бойымен   ұзындығы 20 шақырымға (10 шақырым Жаңақорған ауданына қарай, 10 шақырым Қызылорда қаласына қарай) мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Қарғалы ауылы (өзеннен 12 шақырым) мен Жөлек елді мекені (е/м арақашықтығы 70 шақырым) тұсынан өзен арнасының әр жерінен 10 шақырым ашық. Жөлектің (өзеннен 15 шақырым)  тұсынан өзен арнасымен төмен қарай Қызылорда қаласы шекарасына дейін 210 шақырым мұз ұстасқан. Мұздың қалыңдығы шамамен 15-20 см құрайды. Өзеннің ұзындығы 220 шақырым. Аудан бойынша көлемі 300 м3/сек. су өтуде. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.  

Сырдария ауданы бойынша Сырдария өзені арнасымен 15 шақырым мониторинг жұмыстары жүргізілді
Сырдария өзенінің ұзындығы  75 шақырым. Өзен арнасының әр жерінен жалпы ұзындығы 72,450 метр мұз ұстасқан. Мұз қалыңдығы шамамен 50 см құрайды. Ашық учаскелерден 2550 м. жерде мұз ұстаспаған. («Узтоп» учаскесінен жоғары «Абзал» учаскесіне (кенттен 1 шақырым) дейін – 920 м., «Жақапбай» учаскесінен (кенттен 15 шақырым) жоғары – 450 м., «Ысқақ Қайыр» учаскесінен (17 шақырым) жоғары – 380 м., «Шегіртке» учаскесі (кенттен  20 шақырым) – 350 м., «Әйтек» су торабынан жоғары қарай – 450 м. барлығы  2550 м. мұздан ашық). «Айтек» су торабынан төменге қарай 255 м3/сек. Аудан орталығынан (Тереңөзек кенті) Сырдария өзеніне дейін арақашықтық 2 шақырым.

 Қалжан ахун ауылының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан «Әсет» участогінің жанында, мұз ұстасу салдарынан Сырдария өзенінің су деңгейі көтерілген. Нәтижесінде «Аласиыр» каналының ПК-440 – ПК-453 ұзындығы 1,3 шақырым қорғаныс бөгеті 3 жерінен бұзылған (ені 1,5-2 метр) және күріштік алқаптарды су басқан (су басу аумағы шамамен көлемі – 709 га), сонымен қатар «БАҚ» шаруа қожалығының күріштік жерін су басқан. Сырдария өзенінен «Аласиыр» каналына дейін 3 шақырым, ал Қалжан ахун ауылына дейін 5,5 шақырым. Қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
       
Жалағаш ауданы бойынша Кентке жақын орналасқан көпір (кенттен 5 шақырым)  тұсынан Сырдария өзені арнасымен Муса Қайыры участкесіне дейін 25 шақырым мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Сырдария өзенінің ұзындығы 84,5 шақырым. Жалағаш ауданының аумағында өзен арнасында мұз толығымен ұстасқан. Мұздың қалыңдығы шамамен 45-50 см. құрайды. «Айтек» су торабынан төменгі ағыспен 255 м3/сек. су өтуде. Аудан орталығынан (Жалағаш кенті) Сырдария өзеніне дейін арақашықтық 5 шақырым. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.            
 
Қармақшы ауданы бойынша
 Сырдария өзені арнасымен Жосалы кентінің аумағы ұзындығы 6 шақырым  мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Өзеннің ұзындығы 238 шақырым, оның 231 шақырымында мұз ұстасқан.  (Қазалы ауданының шекарасынан Қармақшы ауданының «Қарасиыр» участогіне дейін). 7 шақырым жер ашық, мұз ұстаспаған (Қармақшы ауданының «Қарасиыр» участогінен Жалағаш ауданы шекарасына дейін). Мұздың қалыңдығы 33-35 см. құрайды. Қармақшы ауданы бойынша «Қараөзек» су торабынан төменгі ағысқа 60,0 м3/сек. су өтуде. Аудан орталығынан (Жосалы кенті) Сырдария өзеніне дейін арақашықтық 300 метр. Елді мекендерге су басу қаупі жоқ.

Қазалы ауданы бойынша 
Басықара елді мекенінен  (кенттен 22 шақырым) өзен арнасымен 10 шақырым (Қармақшы ауданына қарай 5 шақырым, Арал ауданына қарай 5 шақырым) Сырдария өзені арнасының бойымен мониторинг жұмыстары жүргізілді.
 Өзеннің жалпы ұзындығы 220 шақырым. Қазалы ауданының аумағында өзен арнасында мұз толығымен ұстасқан. Мұздың қалыңдығы 65 см. құрайды. Басықара елді мекені «Ә.Тыныбаев» су торабынан төменгі ағысқа 385 м3/сек. су өтуде. Аудан орталығынан (Әйтеке би кенті) Сырдария өзеніне дейінгі арақашықтық  22 шақырым. Елді мекендерге су басу қаупі жоқ.

Арал ауданы бойынша: Өзеннің ұзындығы 120 шақырым, оның   94 шақырымы мұз толықтай ұстасқан. Мұз қалыңдығы 30-35 см құрайды. Сүйреме учаскесінен бастап Аманөткел елді мекені дейін 4 шақырым және «Жаңақұрылыс» елді мекені тұсынан бастап «Ақлақ» су торабына дейін 22 шақырым мұз толығымен ұстаспаған, мұз қату процесі жүруде. (өзен арнасымен Жанақұрылыс е/м мен Аманөткел е/м арақашықтығы 26 шақырым). «Ақлақ» су торабынан төмен қарай 250 м3/сек. су жіберілуде.

Облыс бойынша Сырдария өзенінің және қорғаныс бөгеттерінің жағдайы бірқалыпты, жақын елді мекендерге су басу қаупі жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
08 ақпан 2018 ж. 1 998 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 11:25
Generique Cialis France generic levitra 20mg Propecia Hair Back All Order Cheapest Flagyl In Salem

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 12:35
Viagra Professionalfromgermany Cialis Generico Sicuro Compare Generic Cialis Prices levitra in the usa today Achat Kamagra

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930