» » Қызылорда облысында Сырдарияның қорғаныс бөгеті жарылды

Қызылорда облысында Сырдарияның қорғаныс бөгеті жарылды



Қызылорда облысы Қазалы ауданы тұсында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеті жарылып кетті. Соның салдарынан дарияның ескі арнасынан су ақты. Аталмыш оқиға бойынша Қазалы ауданы әкімінің төрағалығымен шұғыл түрде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
«Комиссия отырысы барысында атқарылатын жұмыстардың көлемі нақтыланды. Тиісті сала басшыларына міндеттер жүктелді. Осының нәтижесінде азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамы мен техникалары оқиға орнына тартылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды», - деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. Бұған 150 адам, 31 арнайы техника жұмылдырылған. Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттері Қызылорда облысы басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынған. Тиісті сала басшылары өзен бойындағы жағдайды жіті бақылап отыр.

www.24.kz

26 желтоқсан 2018 ж. 829 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 055

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031