» » Сырдың суы сыралғы, алаңдауға негіз жоқ — әкімшілік

Сырдың суы сыралғы, алаңдауға негіз жоқ — әкімшілік


Шұғыл ақпарат және мониторинг бөлімі хабарлағандай, қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі жағдай бірқалыпты және толық бақылауда. Сонымен қатар, басқарма әр аудандағы жағдайды толық мәлімдеді.
Арал ауданы бойынша: Арал ауданы аумағындағы өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Мұздың қалыңдығы 30 см құрайды. «Ақлақ» су торабынан төмен қарай 250 м3/сек су жіберілуде.
Қазалы ауданы бойынша: Қазалы ауданы аумағында өзен арнасында мұз толығымен ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 68 см. Басықара су торабынан төмен қарай 385 м3/сек су өтуде.
Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кентінен Сырдария бойымен 88 шақырым жоғарыда «Қарасиыр» учаскесінің тұсында мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 35 см.
Жалағаш ауданы бойынша: Аудан көлемінде 90% мұз ұстасқан, мұздың қалыңдығы шамамен 40 см.
Сырдария ауданы бойынша: Сырдария ауданы аумағында өзен арнасында мұз толықтай ұстасқан. Мұздың қалыңдығы шамамен 50 см. «Әйтек» су торабынан төменгі ағысқа 255 м3/сек су өтуде.
Шиелі ауданы бойынша: Аудан бойынша мұз ұстасуда, қалыңдығы шамамен 10-15 см.
Жаңақорған ауданы бойынша: Төменарық елді мекені мен Жаңақорған кентінің аралығында мұз ұстасуда, Жаңақорған кенті мен Көктөбе елді мекені аралығында 25-30% күр жүруде. Келіп түсіп жатқан судың көлемі 345 м3/сек құрайды.
Қызылорда қаласы бойынша: «Айтек» су торабы мен Бірқазан елді мекені аралығында мұз ұстасқан, қалыңдығы 15-20 см. Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су өтуде.

Baq.kz
09 ақпан 2018 ж. 1 133 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031