Электромобиль қуатын 5 минутта 80 пайызға жеткізетін жаңа технология шығады
Оңтүстік Корея инженерлері электромобиль аккумуляторының қуатын 5 минутта 80 пайызға жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа технология ұсынды.
Мамандардың айтуынша, электрокардың қуат сақтау жүйесінің көлемін арттыруға мүмкіндік беретін түйіннің шешімі оңай табылған. “Бірақ мұны бұрын ешкім байқамаған”,- дейді жаңа технологияны жасап шығарған инженерлердің бірі.
Бүгінгі таңда көптеген электромобильдерде графитті анодтық батареялар қолданылады, олар аса мол қуат көзі саналмайды. Оңтүстік Корея ғалымдары графит батареяларынан кремний батареяларына ауысуды ұсынады. Бұл электркарлардың толық қуатпен жүріп өтетін қашықтығын едәуір арттырады.
Бірақ инженерлер кремний батареяларын бірнеше рет қуаттағаннан кейін олардың жұмыс сапасы төмендейтінін айтады. Өнертапқыштар бұл мәселенің шешімін іздей бастаған және “қарапайым тұрмыстық техника – су, май және крахмалға” баса назар аударған.
Инженерлер кремнийді маймен, ал крахмалды суда ерітіп, сығындыларды бір-бірімен араластырған. Алынған материал термиялық өңдеуден кейін көміртек-кремний композициясы пайда болған. Ол графиттен 4 есе үлкен.
Осы процеспен жасалған батарея кем дегенде 500 зарядтау циклына дейін тұрақты болып қалады яғни сапасы төмендемейді. “Бұл, әрине, мінсіз емес, бірақ бұл мақтауға тұрарлық”, - дейді мамандар. Жаңа аккумуляторды жасаушылардың айтуынша, енді электромобиль иелері 5 минут ішінде көліктерін қуаттай алады.