» » Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады

Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмағандарға жол ақысы тегін болады

© Тұрар Қазанғапов


Нұр-Сұлтанда 18 жасқа дейінгі балаларға қоғамдық көлікте жол ақысы тегін болады. Бұл туралы CTS ("Астана LRT") компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тұрғындар бұл мәселе бойынша бізге бірнеше рет келген. Менің айтып отырғаным - кәмелет жасқа толмаған балаларға жол ақысын тегін қылу. Бүгінде 7-15 жас аралығындағы балалар негізі заң бойынша 45 теңге төлеуі қажет болса да, 40 теңге төлейді. 15 жастан асқан балаларға жол ақысы - 90 теңге. Көптеген тұрғынға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға жол ақысы - үлкен мәселенің бірі. Сондықтан тасымалдаушы тарап 2020 жылдың 28 наурызынан отбасылық жағдайына қарамастан, кәмелет жасқа дейінгі балаларға жол ақысы тегін болады деген шешім қабылдады", - дейді компания басшысы Бекмырза Игенбердинов. 

Ол автобуста көлік картасын көрсету жол ақысы тегін адамдар үшін де міндетті болып қалатынын ескертті. 

"Осы мәліметтер негізінде біз бағыттардың дұрыс желісін құрудың негізгі элементі болатын жол жүру хат-хабарларын ала аламыз. Оқушылардың тегін жол жүруі тасымалдаушыларға қосымша шығын келтіреді. Жол ақысы тегін болуы басқа адамдарға жол ақысы ұлғаяды деген сөз емес. Әңгіме 2020 жылдың 28 наурызынан қабылданатын тариф туралы", - дейді компания басшысы. 
27 ақпан 2020 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30