» Астанада жол ақысын sms-хабарлама арқылы төлеуге болады

Астанада жол ақысын sms-хабарлама арқылы төлеуге болады



Бүгін қалалық әкімдікте Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасын қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қоғамдық тыңдау барысында «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиев аталған құжат қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейтінін айтты.
«Қоғамдық көлік пайдаланушыларының қолайлылығы үшін электронды төлеудің қосымша сервистерін енгізу қажет. Бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің екі тәсілі бар. Бұл ретте, өздеріңіз білесіздер, қалада сараланған тариф жұмыс істейді. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде қалалық бағдарларда – 180 теңге, қолма-қолсыз, электронды көлік картасымен төлеу кезінде – 90 теңге. Біз жол ақысын SMS және мобильді қосымша арқылы төлеудің қосымша әдістерін енгізбекшіміз», - деді Игенбердиев.
Оның мәлімдеуінше, аталған тәсіл жол ақысын телефон көмегімен SMS не мобильді қосымша арқылы сол мезетте төлеуге мүмкіндік береді.
«SMS арқылы төлеу үшін жолаушыда кез-келген ұялы телефон болуы тиіс. Барлық ұялы телефонда SMS жолдау қызметі бар. SMS арқылы төлеу үшін арнайы қысқа нөмір жұмыс істейді. Ол ҚР барлық операторларының ұялы байланыс операторлары үшін қолжетімді. Жолаушы SMS немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде өз телефонына электронды билет алады. Берілген қысқа нөмірге SMS жіберіп, SMS арқылы электронды чек алу – жолаушылар үшін тегін. Жолаушыдан тек жол ақысы үшін ақы алынады. Мобильді қосымша арқылы төлеу тәсілдері жолаушының таңдауы бойынша телефон теңгерімінен, банк картасынан, сондай-ақ, электронды ақша арқылы орындалады», - деді Игенбердиев.
Сонымен қатар, SMS немесе мобильдік қосымша арқылы төлеу басқа жолаушы үшін де ақы төлеуге мүмкіндік береді. Алайда, жоғарыда аталған электронды сервистермен жол ақысын төлеу кезінде автобустарда тегін ауысып отыру көзделмейді.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астанада жол ақысы 180 теңгеге қымбаттаған болатын. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтарының бірыңғай төлем карточкаларын алуы арқылы қаладағы көлік саласындағы түсім мен шығыстарға мониторинг пен бақылау жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.


Baq.kz
---
20 тамыз 2018 ж. 959 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930