» » Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы ала алатын болды

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы ала алатын болды

Астаналық автобус жүргізушілерініне айына 400 мың теңге жалақы табуға мүмкіндік туды. Алайда, олар мұндай жалақы алу үшін үш шартты орындаулары тиіс, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.



Астана қаласы әкімдігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, 400 мың теңге жалақы алғысы келетін автобус жүргізушілер кесте бойынша жүріп, жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолаушылардан шағым естімеулері керек.

№3 автокөлік паркінің басшысы Бауыржан Тілеубергенов жүргізушілердің жалақысы қазіргі таңда 200 мың теңгені құрайтынын айтты. Бұл бекітілген сома зейнетақы жарналары мен салықтарды шегергеннен кейін есептелінген, яғни жүргізушілер қолдарына 200 мың алады. Бірақ, мұндай жалақы күнделікті 15-18 толық ауысымды орындаған жүргізушілерге ғана төленеді.
«Бұдан басқа, жүргізушілер қаржы және еңбек тәртібін бұзбай, ешқандай көлік апатынсыз жұмыс істесе, олардың жалақыларына сыйақы ретінде 200 мың теңге қосылуы мүмкін. Ұзын автобус  айдайтындарға 50% мөлшерінде бонус төлеу қарастырылды. Осылайша, жүргізушілердің айлық жалақысымен сыйақысын қосқандай айлық 400 мың теңге болуы мүмкін», – дейді Тілеубергенов.

Айта кетейік, 21 шілдеден бастап Астана қаласында қоғамдық көліктер дифференциалды төлемге ауысты. Қолма-қол төлемнің құны екі есе көбейіп, 180 теңге болды. Ал, көлік карточкасы арқылы төлеген жағдайда жол жүру ақысы 90 теңге. Сондай-ақ, көлік картасы бар жолаушылар бірінші төлем жасағанан кейін 60 минут ішінде басқа автобуста тегін жүре алады.

Stan.kz
20 тамыз 2018 ж. 861 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30