Қазақстандықтардың орташа жалақысы белгілі болды
2018 жылғы екінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 162751 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 108,5%, ал нақты жалақы индексі 102,2% құрды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 335,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 273,2 мың теңге (1,7 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 224,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 238,4 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 212,8 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 93,7 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 42,4%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 291,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 111,2 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,7%-ға төмен.
Пікір 2