» » "Ғарыштан көрінетін болады": елімізде 5-7 млн долларға Абылай хан ескерткішін тұрғызбақ

"Ғарыштан көрінетін болады": елімізде 5-7 млн долларға Абылай хан ескерткішін тұрғызбақ

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылының маңында Абылай хан монументін салуды ұсынды. Жобаның алдын ала бағасы 5-7 млн АҚШ долларын құрып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Арман Шораев журналистерге аталған монументтің қай жерде тұрғызылатыны талқыланғанын айтты.

Бірі ескерткішті Ұлытауда, бірі Семейде, енді бірі Алматыда тұрғызу туралы ұсыныстар жасаған.

Алайда ханның ең көп жүрген жері Бурабай болғандықтан, ескерткішті Ақмола облысының Бурабай ауданында Кенесары ауылына жақын маңайда тұрғызу туралы шешім қабылданды. Елді мекен Көкшетау қаласы мен курортты кенттің арасында орналасқан.

Қоғам белсендісі ауданның 95%-ы оның шешімін қолдап отрығанын алға тартты.

Оның сөзінше, ескерткіштің құрылысын жүзеге асыратын мүсінші Айдар Жамхан жас та болса, өте өнерлі екен.

Шораевтың пікірінше, Абылай хан ескерткішін орнату қажеттілігі бұрыннан пайда болғанын айтты.

Себебі қазақ халқының тарихында Абылай ханның орны ерекше. "Оның арқасында қазақтар халық ретінде сақталып қала алды - оның басқаруымен адамдар бірігіп, жоңғарларға қарсы тұрды".
  • Сондай-ақ Арман Шораев "Абылай Хан" монументінің ұзындығы 54 метрді құрап, ғарыштан көрінетін болатынын алға тартты.
Монумент виртуалды шындық элементтері бар мұражай экспозициялары мен конференц-залдары орналасатын ғимаратта салынады. Оның ішінде лифт болады.

Оның есебінше, монументті тұрғызуға 5 млн-нан 7 млн долларға дейін қаражат жұмсалады. Мұндай соманы олар бюджеттен емес, адамдардан асар ретінде алмақ екен. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер мен кәсіпорындар көмек қолын созады деген үмітте.



28 ақпан 2020 ж. 365 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031