Оралда Шүкенов үшін қойылған ескерткішті қорлағандар іздестірілуде (видео)

Видеодан жас жігіттің Джулияның ескерткішіне шығып алып, жерге секіргені көрінеді. Сондай-ақ, ескерткішті аяғымен тепкен. Ал мұның барлығын жүргіншілер видеоға түсіріп алыпты.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Джулияның ескерткішін қорлағандарды көрген куәгерлер іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ, ескерткішті қорлаған жеткіншектерге 3-10 АЕК айыппұл салынуы немесе олар 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған ескерткіштің бетін фломастермен бояп кеткен болатын.
https://syrboyi.kz