ӘДЕП КОДЕКСІ – ӘДЕПТІ БОЛУҒА МІНДЕТТЕЙДІ
Қазақ қоғамында бұрыннан ар-ұят, әдеп-иба кодекстері қалыптасқан. Қазақ қоғамның әрбір мүшесі отбасында, көпшілік жерлерде өзін қалай ұстауды, қалай сөйлеуді, ортамен қарым-қатынас жасауды отбасы институтынан-ақ үйренді.
Бүгінгі заман талабы да бөлек. Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің эмиджін арттыруға, этикалық нормаларды сақтауға үндейді. Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, этика талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзыреттермен толықтырылған. Сондықтан, олардың бойында коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор деп айтсақ болады.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетушілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы қажет. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс.
Қорыта айтқанда мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлу – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн, мәдениетін арттырады.

Мадина ТҰРСЫНБАЕВА,
аудандық қазынашылықтың бас маман-бас қазынашысы