» » Қоғамға қауіпті кесел

Қоғамға қауіпті кесел

      Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асырлып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында бірнеше заңнамалық актілер қабылданды. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жойып, әрбір мемлекеттік қызметкердің ұғымына адалдық түсінігін қалыптастыру және бұған бүгінде ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық қоғамды құлатып тынады. Сондықтан біз бүгінгі жас ұрпақты елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеуіміз керек.
    Елімізде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмыстары күшейтілді. Маңызды мәселелердің бірі – сатып алу саласын жетілдіру. Мемлекеттік сатып алудың жүйесі орталықтандырылды. Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында сатып алу шараларын өткізу әдістері өзгертілді. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс.
Т.ШҮЙІШБАЕВ,
                                                                                                         Жалағаш аудандық қазынашылық
                                                                                                                       басқармасының бас маман-
                                                                                                                                      бас қазынашысы 
    
10 наурыз 2020 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930