ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ
Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
Бұл Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және халықта туындаған сұрақтарды шешуде көмек көрсету, қолжетімді нысанда ақпаратты жеткізу, белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарын қолдану, өз іс-әрекеті мен нәтижелеріне жауапкершілік алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер қабылдау тиіс. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Куляйм Кайпбаева,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы.