» » Коронавирусқа байланысты Қазақстанда нан өнімдерін қапталған күйі сату ұсынылды

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда нан өнімдерін қапталған күйі сату ұсынылды



Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірнеше ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік ірі сауда нысандарының сағат 10:00 мен 18:00 аралығына дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып қысқартуды ұсынды. 

Сауда нысандарының аймағында кинотеатр, балалар орталығы мен басқа да көңіл көтеру алаңдары жабылуы керек. Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сауда базарлары күнделікті режим бойынша санитарлық және дезинфекциялық шаралар сақталып, жұмысын жалғастыруы керек. 

Сонымен қатар, дүкендерде нан және кондитерлік өнімдер жабық, яғни, қапталған күйінде сатылуы керек.  


Еске салайық, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.  

kaz.tengrinews.kz
16 наурыз 2020 ж. 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 270

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031