» » Төтенше жағдай: Медицина мамандарының жалақысы көбейді

Төтенше жағдай: Медицина мамандарының жалақысы көбейді

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының еңбекақысы 2-3 есе артады.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ashyq alan» бағдарламасында айтты.
«Әрине, дәрігерлерге Үкімет тарапынан қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені майданның алғашқы шебінде инфекциялық ауруханалардағы дәрігерлер, инфекционистер, жедел жәрдем, медбикелері тұр. Сол себепті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің тікелей бұйрығымен осы мерзімде ынталандыру және көмек бағдарламасы бойынша олардың айлықтарын 2-3 есе көтеріп отыр. Бұл тек қана санитарлық дәрігерлер, инфекционистер сынды инфекциямен күресіп жүрген мамандарға байланысты», – деді Д. Ахметшәріп.
21 наурыз 2020 ж. 532 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31