» » Білінбейтін симптом: Коронавирустың тұмаудан айырмасы

Білінбейтін симптом: Коронавирустың тұмаудан айырмасы


Сондықтан тұмау белгілері байқала бергенде-ақ медициналық көмекке жүгінгеніміз абзал. Сонымен коронавирустың жеңіл, бастапқы белгілері қандай екен, соған тоқталып өтсек. Инфекция білінбейді Коронавирус адамға жұққанымен, басында белгілері әлсін-әлсін ғана білінеді. Әлемге коронавирустың тарауына да осы себеп. Көбі коронавирусқа шалдыққандарын білмейді де. Ал балаларда COVID-19 инфекциясы мүлдем білінбейді. Ауру симптоматикасыз жүреді. Мұндай адамдар коронавирустың нағыз ошағы болуы мүмкін. Германиядағы жағдай да осыдан басталған еді. Індетті қалай тануға болады? COVID-19 инфекциясының жалпы симптомдарына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат таратқандай, дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел (аздап қақырық түкіруі де мүмкін), ентігу, кеуденің ауыруы, демікпе жатады. Коронавирус жұқтырған адамда ауру белгілері 2 аптаға дейін білінбеуі мүмкін, кейбір жағдайда 6 аптаға дейін жүре беруі мүмкін дейді мамандар. COVID-19 инфекциясының жеңіл белгілері Коронавирус жұқтырған адамның жеңіл белгілеріне келесілер жатады: аздап дене қызуы көтерілуі, бас ауруы, шаршау, тамақ ауру, аздап жөтелу, бұлшық еттердің ауырсынуы, тұмаудың жеңіл белгілері, бозару, қалдырау, тоңу, мұрыннан су ағу. Тұмаудан айырмашылығы не? Тұмауға жұқтырған адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамнан басты айырмашылығы – жөтелген кезде көп қақырық шығады әрі мұрны үнемі бітеліп, су ағып, түшкіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, тұмау жұқтырған адамда тыныс алуы тарылып, демікпесі ұстамайды. Кеудесі жүк көтергендей ауырмайды. Сондай-ақ температурасы кейде көтеріліп, кейде төмендейді. Ал коронавирус жұқтырған адамның қызуы өте жоғары болады әрі түспейді. Германияда тараған инфекцияның ерекше белгілері Неміс ғалымы, вирусолог Хендрик Стрик Frankfurter Allgemeine Zeitung газетіне берген сұхбатында COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдардан ерекше белгілерді байқаған. Яғни, вирусқа шалдыққан науқас басында әлсіз белгілерін ғана айтады. Оған қышыма жөтел, қалтырау, безгек жатады. Пациенттердің 30 пайызында диарея (іш өту) байқалған. Ауырғандардың үштен екі бөлігі иіс сезбей қалғанын айтқан. Соған қарағанда бұл коронавирус тек өкпені ғана емес, асқазан мен ас қорыту жолдарына да түсіп кетуі мүмкін.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/61357
28 наурыз 2020 ж. 491 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930