» » Иммунитетті нығайтатын 5 қолжетімді азық-түлік

Иммунитетті нығайтатын 5 қолжетімді азық-түлік

Иммунитетті нығайтатын 5 қолжетімді азық-түлік
Көкөніс
Ақжелкен, аскөк және асжапырақ (шпинат) – әлсіз иммунитетті құтқаратын көкөністер. Мысалы, асжапырақтың құрамында каратеноид деп аталатын маңызды антиоксидант бар. Ол жасушаларды зақымдардан құтқарады және қабыну процестерінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сондықтан көкөністі салатты күнделікті рационыңызға қосу тек дене сымбаттылығына емес, сондай-ақ бүкіл ағза денсаулығына пайдалы.
Майлы балық
Егер балық қолжетімсіз болса, зәйтүн майын пайдалануға болады. Бұл жерде иммунитеттің басты көмекшісінің рөлін омега-3 майлы қышқылдары атқарады. Олар қабыну процестерінің дамуын бастапқы кезеңнің өзінде-ақ тоқтатады және ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғайды. Балықты қуырғаннан гөрі бұқтырып пісіргенде дәрумендері көбірек сақталатынын ескерте кетейік. Цитрусты жемістер С дәрумені вирустық жұқпалармен жақсы күресетінін естіп жүрміз.
Ал С дәруменінің негізгі және қолжетімді көздері – цитрусты жемістер. С дәрумені цитрусты жемістердің қабығы мен ақ етінде көбірек болатынын айта кетейік. Сондықтан лимонның не апельсиннің қабығын жемесеңіз де, оны шайға салып ішуді әдетке айналдырыңыз. Брокколи Брокколиді көпшілік ұната бермейді. Алайда ол көптеген проблемалардың алдын алады және иммунитетті нығайтады. Тауық сорпасы Әдетте, тұмаулатып қалған адамға тауық сорпасын дайындаймыз. Бұл жайдан-жай таңдалған тағам емес. Құс етінде В6 дәруменінің мөлшері көп: ол ағзадағы көптеген химиялық процестерге қатысады. Сондай-ақ ол жасушаларды зақымдардан қорғайды. Сіз күнде не тамақ пісіремін деп қиналмас үшін дәмді, тойымды әрі құнарлы сорпалардың рецептілерін ұсынамыз.

Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/61304
28 наурыз 2020 ж. 360 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930